Сот билігінің халықаралық мәселелерге араласуының маңыздылығын сараптау
(last modified Tue, 04 Jul 2017 09:32:38 GMT )
Шіл 04, 2017 15:32 Asia/Almaty
  • Сот билігінің халықаралық мәселелерге араласуының маңыздылығын сараптау

Иран Ислам революциясының жетекшісі бұл елдің Сот билігінің халықаралық мәселелерге араласуын маңызды деп бағалап: «Сот билігі әртүрлі мәселелерге қатысты құқықтық тұрғыдан өз пікірін жариялай алады»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи дүйсенбі күні Сот билігінің төрағасы және басшыларымен кездесуінде: «Құқықтық мәселелер мен халықаралық сот істерін қадағалау өте маңызды. Сот билігі мәселеге араласып, әлемдік деңгейде көрініс табуы үшін осындай істерге өзінің жақтастығын немесе қарсылығын кесімді түрде жариялауы тиіс»,- деп баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі Сот билігі санкция, АҚШ тарапынан Иранның активтерінің тәркіленуі, лаңкестік немесе Нигерияның исламдық қозғалысының басшысы шейх Ибраһим Закзаки сынды әлемнің танымал тұлғаларына, Мьянма мен Кашмирдің мұсылмандарына қолдау таныту сынды тақырыптарға тоқталып, Иранның Сот билігінен бұл мәселелерге құқықтық тұрғыдан араласуды сұрады.

Сот билігі әр елдің мәселелеріне маңызды әсерін тигізе алады. ИИР саяси салада үстемшілердің алдында  қаналған халықтарға қолдау көрсеткендей, зорлық-зомбылық жасаушылардың әрекеттерін әлемдіктерге  құқықтық тұрғыдан да түсіндіргісі келеді. Құқықтық тұрғыдағы ұстанымы іс жүзінде соншалықты әсер етпегенімен, оны тарату әлемнің қоғамдық пікіріне әсерін тигізеді. Қазіргі таңда әлемнің әртүрлі аймақтарындағы мәселелерді құқықтық тұрғыдан қадағалау маңызды іс саналатындықтан, қоғамдық пікірдің назарына түседі. Өйткені, билеп-төстеуші үкіметтер халықаралық құқық органдарын құрал ретінде пайдаланып, өз мүдделерін алға ілгерлетеді. Алайда ешбір сот олардың әрекеттерін тексеріп, қадағаламайды.

АҚШ үкіметінің лаңкестікпен күресу саясаттары саяси тұрғыдан баршаға анық. Лаңкестікпен күрес саласындағы АҚШ-ның әрекеттерін бақылау өте маңызды, өйткені бұл мемлекет адам құқығының негізгі бұзушысына айналды. Мәселен, лаңкестікпен күрес аясындағы қылмыстарды америкалықтар Сирия мен Иракта, сондай-ақ, Сауд Арабиясымен бірігіп, Йемен соғысында да іске асырып отыр. Сондықтан, қылмыс жасағандарды адал әрі тәуелсіз сотта айыптап, әлемдік қоғамдық пікірге таныстыру үшін тақырыпты құқықтық тұрғыдан қадағалау  өте маңызды. Мұндай қылмыстарға үнсіздік таныту қоғамдық пікірдің оларды растағанын білдірмейді. Қылмыс жасағандарды айыптау – ахлақтық және адами іс.

Санкциялар мен АҚШ тарапынан Иранның активтерінің тәркіленуін қарастыру Иран сотының құқықтық тұрғыдан араласып, АҚШ соттарының алдында өз пікірін жариялауы әлемдік қоғамдық пікірдің алдында АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттерін әшкере етеді. АҚШ Президенті Дональд Трамптың алты мемлекеттің, соның ішінде Иран азаматтарына виза беруге тыйым салу жарғысы – Иран Соты араласып, құпия жерлерін әшкерелейтін жайт.

Әртүрлі аймақтардағы қаналған халықтарды, әсіресе Мьянма мен Кашмир елдері мұсылмандарына қолдау көрсету Ислам революциясы жетекшісінің назар аудартып, әлемдік деңгейде көрініс табуы үшін Иранның Сот билігінен осындай істерге өзінің жақтастығын немесе қарсылығын кесімді түрде жариялауын талап еткен мәселе болды. Мьянма мұсылмандарының жағдай шиеленісті әрі өте мүшкіл. Олар басты құқықтарынан мақұрым қалып отыр. Сондықтан бұл мәселені саяси емес адал әрі тәуелсіз соттарда қарастыру қажет.