Генерал Солеймани: Иран Палестинаға жан-жақты қолдау көрсетеді
Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы генерал Солеймани Иранның Палестина халқына жан-жақты қолдау көрсететінін қуаттап: «Палестина халқы дос елдер мен кейбір ислам елдерінің қоршауында қалып отыр» деді.
Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы генерал Ғасем Солеймани Иранның оңтүстік-шығысындағы Керман облысының жауынгерлері мен Қасиетті қорғаныс кезеңі ардагерлерінің ортасында сөйлеген сөзінде: «Біреулер Палестинаның туын Иранның қолынан алуға талпыныс жасады. Бірақ, Палестинаға қолдау көрсетуге қай араб елінің күші жететіндігіне көңіл аудару қажет» деді. Генерал Солеймани аймақта тәкфірлік лаңкестер тарапынан пайда болған мазхабтық бүлікке сілтеме жасап: «Тәкфірлік лаңкестер мен олардың қолдаушылары Иран олардың бүліктері салдарынан тұралап, мазһабтық бүліктің алдында тізе бүгеді деп ойлады. Алайда ИИР-ның ғиззат-абыройы ДАИШ пайда болып, оның жойылу кезеңінде он есе арта түсті» деді.