Эксперттер мәжілісінің төрағасы Батыстың адам құқығына қатысты екіұшты ұстанымын сынады
(last modified Tue, 04 Jul 2017 18:40:54 GMT )
Шіл 05, 2017 00:40 Asia/Almaty
  • Эксперттер мәжілісінің төрағасы Батыстың адам құқығына қатысты екіұшты ұстанымын сынады

Эксперттер мәжілісінің төрағасы Батыстың адам құқығына қатысты екіұшты ұстанымын сынап: "Адам құқығы ұйымдары америкалықтар мен олардың сыбайластарының Ирандағы қылмыстарына қатысты үнсіздік танытып отыр" деді.

ИРНА-ның сейсенбі күнгі хабарлауынша, Эксперттер мәжілісінің төрағасы аятолла Ахмед Джаннати 1988 жылы америкалық кеменің Иранның жолаушы  тасымалдаушы ұшағына жасаған шабуылына тоқталып: "Иранның жолаушы тасымалдаушы ұшағына зымыран атып, құлатып түсірді. Сол кезде адам құқығының туын желбіретушілер ешқандай реакция танытпады" деді.

1988 жылдың маусым айының үші күні америкалық Vincennes кемесінен Парсы шығанағы сулары үстінен ұшып бара жатқан ИИР-дың жолаушы тасымалдаушы ұшағына екі зымыранның атылуы салдарынан 290 жолаушы мен экипаж мүшелері шәһид болды.

Аятолла Джаннатти сонымен қатар Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусына Сириядағы лаңкестердің позицияларына зымыранмен шабуыл жасағаны үшін алғыс білдіріп: "Ислам револциясы Сақшылар корпусының  бұл әрекеті халықаралық мәселелерге оң әсерін тигізеді" деді.

Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы маусым айының он сегізі күні Сириядағы тәкфіршіл лаңкестерді жазалау мақсатында Сирияның шығысындағы Дейр-әз-Зордағы ДАИШ лаңкестерінің басқару штабы, қолдау орталықтары мен бомба қойылған көлік дайындайтын мекендерін құрлықаралық алты зымыранмен нысанаға алды.