Каспий теңізінде «Тұрақты қауіпсіздік және Иранның теңіздегі айбыны-96» атты жаттығу аяқталды
Иран армиясының Каспий теңізіндегі «Тұрақты қауіпсіздік және Иранның теңіздегі айбыны-96» атты жаттығуы Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы және Иран армиясы теңіз күштері қолбасшысының қатысуымен аяқталды.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, жаттығудың соңғы күнінің байқау рәсімі кеше, бейсенбі күні Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани және Иран армиясы теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Хабиболла Сайяри мен елдің басқа да жоғары деңгейлі басшылары және әскери қолбасшыларының қатысуымен Каспий теңізі суларында өтті.
Ирандық мамандар жасаған «Дамаванд» эсминецінің қатысуы «Тұрақты қауіпсіздік және Иранның теңіздегі айбыны-96» жаттығуының маңызды оқиғаларының бірі болды.
Бұл эсминец зымыран ату қабілетіне ие «Пейкан», артиллериялық «Қаем» кемелері және жылдам жүзетін күзет катерлерімен бірге басты кеме ретіндегі бүкіл міндетін жақсы іске асырды.
«Тұрақты қауіпсіздік және Иранның теңіздегі айбыны-96» жаттығуларында Иранда жасалған электрондық және оптикалық жүйелер, электронды соғыс жүйелері пайдаланылды.