Лариджани әлемнің 10 елінің парламент төрағаларын наурыз мейрамымен құттықтады
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы әлемнің 10 елінің парламент төрағаларын ежелгі наурыз мейрамымен құттықтады.
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджанидің әлемнің 10 елінің парламент төрағаларына наурыз мейрамына байланысты құттықтау жолдауында: «Қазіргі жағдай мен аймақтағы өзгерістердің келешегі барлық елдер арасында жақын ынтымақтастық пен әріптестік бойынша қауіпсіздік құрылымдарын құрудың қажеттіліг бұрынғыдан көбірек айқындады. Қазіргі түбегейлі түйткілдерді шешіп, алдағы қауіп-қатерлерге тосқауыл қою барлық мемлекеттердің жақын ынтымақтастығына байланысты.
Иран мен «алтылық» елдері арасындағы ядролық келісімнен кейінгі қазіргі кеңістікте Иран ислам республикасы қауіпсіздік орнату, ілгерілеу және экономикалық, саяси әрі мәдени жан- жақты даму үшін өзара құрмет және ынтымақтастық бойынша кез- келген аймақтық, әсіресе көршілес елдермен ынтымақтастық жасауды қолдайды.
Парламенттер арасындағы парламентаралық сұхбаттар аймақ үшін тұрақтылық сыйлайтын кез- келген құрылымның маңызды бөлімі болады» деп қуаттады.