Теһран Иранға есірткі контрабандасының артуына байланысты Еуроодаққа наразылық білдірді
(last modified Sun, 09 Jul 2017 01:29:55 GMT )
Шіл 09, 2017 07:29 Asia/Almaty
  • Теһран Иранға есірткі контрабандасының артуына байланысты Еуроодаққа наразылық білдірді

Иранның есірткі контрабандасымен күрес ұйымының басшысы Теһранның Иранға есірткі контрабандасының артуына байланысты Еуроодаққа наразылық білдіргені туралы хабарлады.

Иранның есірткі контрабандасымен күрес ұйымының басшысы Нематолла Момванди өткен үш айда Иранға «гүл» деген есірткінің жіберілуінің артқанын және  есірткіні почта пакеттерімен жіберу жайттарының жиі кездесуіне тоқталып: «Ұлыбритания, Голландия мен Испанияның өз шекараларында  есірткі контрабандасын бақыламайды. Сол себепті Иран Еуроодаққа наразылық білдірді»,- деді.

«Гүл» өте қауіпті есірткінің бір түрі. Ол сораның майы мен марихуана жапырақтарынан жасалады.

Момванди 2016-шы жылы шамамен «гүл» есірткісінің Иранға жіберген пошта пакеттерінен 204 рет табылғанын айтып, есірткі котрабандасымен айналасушылардың Иранға «гүл» есірткісін жіберуіне одан көп пайда көруі себеп болғанын мәлімдеді.

ИИР әлемде есірткі контрабандасымен күрес шебінің көшбасшысы ретінде 3500-ден астам азаматынан айрылды. Бұл жолда олардан басқа  10000-нан астам адам жарақат алды.