Рухани: Иран халқы әлемдік алпауыт елдердің алдында жеңімпаз
ИИР-ның президенті «Иран халқы күш, бірлік және өз дипломаттарына қолдау танытуымен әлемдік алпауыт елдердің қастандықтары алдында жеңіс күшіне ие екендігін көрсетті» деді.
Иран Телерадио ұйымы хабар агенттігінің мәліметі бойынша, ИИР-ның президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранда өткен «Азамттардың денсаулығы» атты фестивальда: «Иран халқы қиындықтардың алдында табандылық танытумен қатар, аймақ халықтарына, соның ішінде Сирия мен Ирак халықтарына да көмектеседі. Иран халқы мен үкіметі экономиканың ең қиын жағдайларында Ирак пен Сирия халықтарына көмектесті. Америка мен сионистік режим және аймақтың кейбір кертартпа елдері Иранмен дұшпан. Иран маңызды бір істе жеңіске жеткісі келсе, халықтың құзырын, келісімі мен қолдауын және ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің нұсқаулары мен ел басшыларының талпыныстарын қажет етеді» деді.
Хасан Рухани сөзінің келесі бөлімінде Иранның медицина саласында инфраструктура мен құрал-жабдықтар тұрғысынан да жақсы ілгерілеушіліктерге қол жеткізгенін айтып: «Бүгінде Иранда қиын аурулар емделеді. Науқастар емделу үшін батыс елдеріне бармайды. Керісінше, Иран әртүрлі ауруларды емдеу орталығына айналды. Емделу үшін басқа елдердің науқастары Иранға келеді» деді.