Лаңкестікпен күрес – ислам әлемінің маңызды мәселелерінің бірі
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Лариджани ислам әлемінің маңызды мәселелерінің бірі ретінде лаңкестікпен күресуді атап: «Егер бұл мәселе шешілмесе, мұсылмандардың болмысы шынайы зардап шегеді»,-деді.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні Нигер мен Иран Парламенттік достық тобының басшысы Масани Куронимен Теһрандағы кездесуінде сионистік режимнің мұсылмандар үшін дұшпандықтан басқа еш ісінің жоқтығын қуаттап: «Кейбір ислам елдерінің сионистік режиммен қарым-қатынас орнатуы тіпті қолдайтын іс емес. Келешекте олар зиян көреді»,- деді. Лариджани Нигерді мұсылмандардың мәселелерін шешуге қатысатын исламдық ел деп атап: «Нигер – мұсылмандардың мәселелерін шешуге белсенді қатысатын мемлекет»,- деді.
Масани Курони де бұл кездесуде мұсылмандардың мәселелерін шешуді қуаттап: «Ұзақ уақыт бойы халықаралық қысымдармен кезіккен Нигер әрқашан мұсылмандардың мүдделеріне назар аударып, қысымдарға қарсы күресті»,- деді.