Рухани: Қатыгездік пен әсірешілдік - аймақ пен әлем үшін ең үлкен қауіп-қатер
ИИР президенті қатыгездік пен әсірешілдікті аймақ пен әлемге төніп тұрған үлкен қауіп-қатер деп атап: "Лаңкестікпен күрес бір наным-сенім және мәдениетпен күрес болып табылады" деді.
ИИР президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні үкімет отырысында Ирак халқының ДАИШ лаңкестерін жеңуі мен Мосулды азат етуінің аймақтағы барлық халықтардың қуанышына себеп болғанын айтып: "Барлық елдер әріптестік жасауы керек. Әлем қатыгездік пен әсірешілдіктен арылуы үшін әскери, мәдени, саяси және экономикалық тұрғыдан лаңкестермен күресу қажет" деді.
Рухани Иранның Ирак халқы мен үкіметіне лаңкестермен күресте көмектескен алғашқы ел болғанын айтып: "Әлем мен аймақтағы кейбір елдер Иранның Иракқа көмектескеніне наразы болды, бірақ лаңкестік өрістегеннен кейін Иранның көзқарасы мен ұстанымдарының нақты әрі дұрыс болғанын түсінді" деді.
Рухани АҚШ-тың Қорғаныс министрінің Иран туралы сөздеріне тоқталып: "Өткен 40 жыл бойы күн сайын ИИР-на қарсы әрекет етуді көздеп келген ел сәтсіздікке ұшырады. Бұдан былай да сәтсіздікке ұшырай бермек" деді.