Генерал Аштари: Лаңкестердің негізгі нысанасы – Иран
(last modified Thu, 13 Jul 2017 11:54:37 GMT )
Шіл 13, 2017 17:54 Asia/Almaty
  • Генерал Аштари: Лаңкестердің негізгі нысанасы – Иран

Иранның тәртіп қорғау күштерінің қолбасшысы лаңкестердің негізгі мақсатының әртүрлі жолдар арқылы Иранға ену екенін айтып: «Әскери күштер ақпараттарға ие болу арқылы шекараларда лаңкестермен қақтығысуға әзір болуы керек» деді.

Иранның тәртіп қорғау күштерінің қолбасшысы бригада генералы бүгін, бейсенбі күні Иранның батысындағы Керманшаһ қаласында сөйлеген сөзінде: «Иран кеңесшілерінің Ирак пен Сириядағы құзыры және осы екі елдің әскері мен халқының лаңкестерді басып-жаныштау талпыныстары лаңкестерді Иранның шекараларынан алыстатты.  

Ираннан, шиіт мазхабы мен ислам дінінен үркіту исламдық ояну толқынынан кейін дұшпандардың күн тәртібіне қойылды. Америка мен сионистік режим және аймақтағы кейбір елдер исламдық оянудан кейін осы толқынмен қарсыласу мақсатында лаңкестік топтарды исламның атымен аймақтағы мұсылман халықтарға  айдап салды» деді.

Бригада генералы Аштари Американы лаңкестердің демеушісі деп атап: «Америка жетекшілік ететін «ДАИШ-ке қарсы күрес» деп аталатын коалиция сан рет ДАИШ-тің мүддесін көздеп, Сирияның мемлекеттік базаларын нысанаға алып, аталмыш лаңкестік топқа қару-жарақ берді» деді.