Мосулдағы жеңіс АҚШ-тың абыройын төкті
(last modified Tue, 18 Jul 2017 01:40:09 GMT )
Шіл 18, 2017 07:40 Asia/Almaty
  • Мосулдағы жеңіс АҚШ-тың абыройын төкті

Иранның Сот билігінің төрағасы: "Ирактың халықтық күштері мен әскерінің Мосул қаласын азат етудегі жеңісі АҚШ пен үстемшіл елдердің абыройын төкті" деді.

Иран Сот билігінің төрағасы аятолла Садық Амоли Лариджани сот билігінің жоғарғы басшыларының отырысында Ирактың Мосул қаласын азат ету амалдарына тоқталып: "Қарсыласу шебінің Мосулда жеңіске жетуі АҚШ-тың Сириядағы қарсыласу шебінің позицияларын бомбалауына себеп болды" деді. Амоли Лариджани Мосулды азат ету амалдары барысындағы Ирактың құзіретті органдары және ерікті халықтық күштерінің рөлі  мен Иранның кеңес беру арқылы қолдау танытуын маңызды деп сипаттап: "ДАИШ лаңкестік тобы Иракта Исламның атын жамылып, Исламды қаралау арқылы аймақта сионистік режим сияқты тағы бір обыр ісігін қалыптастырмақ болды. Қуанышқа орай, олардың бұл жобасы сәтсіздікке ұшырады" деді.