Халықаралық қауымдастық Иранмен қарым-қатынасын жалғастырады
https://itolqyn.com/news/iran-i29118-Халықаралық_қауымдастық_Иранмен_қарым_қатынасын_жалғастырады
Иранның Сыртқы істер министрі Зариф "Халықаралық қауымдастық АҚШ-тың санкцияларына қарамастан Иранмен қарым-қатынасын жалғастырады" деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 19, 2017 22:41 Asia/Almaty
  • Халықаралық қауымдастық Иранмен қарым-қатынасын жалғастырады

Иранның Сыртқы істер министрі Зариф "Халықаралық қауымдастық АҚШ-тың санкцияларына қарамастан Иранмен қарым-қатынасын жалғастырады" деді.

Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Катардың "әл-Джазира" телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкцияларын бір "қойылымға" теңеп: "АҚШ-тың жаңа үкіметі ядролық келісімдегі өз міндеттеріне берік болып, санкцияларды алып тастаудың орнына халықаралық кеңістікті улауды көздеп отыр. Халықаралық қауымдастық АҚШ-тың санкциялары, "Ортақ қадам" рухын бұзу әрекеттері мен өз міндеттерін атқармауына қарсы сөзін айқын әрі қатты түрде айтуы керек. Ол мынадай сөздер: санкциялар туралы "қойылымға" қарамастан Иранмен қарым-қатынасты жалғастырамыз" деді. 

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшылығы сейсенбі күні Вашингтонның ИИР-на қарсы дұшпандық әрекеттерінің жалғасында 18 ирандық және шетелдік тұлға мен топты түрлі сылтаулармен, соның ішінде, Иранның зымырандық бағдардарламасына қатысы болу себебімен санкциялар тізіміне енгізді. 

Бұл санкциялар АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні Иранның ядролық келісімге берік екендігін екінші рет растаған жағдайда салынып отыр.