Ұзақ қашықтыққа арналған «Сайяд-3» әуе қорғаныс зымырандарын өндіру желісінің ашылу рәсімі өтті
ИИР Қорғаныс министрінің қатысуымен ұзақ қашықтыққа арналған «Сайяд-3» әуе қорғаныс зымырандарын жасау желісінің ашылу рәсімі өтті.
ИИР-ның Қорғаныс министрі бригада генералы Хосейн Деһқан осы рәсімде: «Қорғаныс министрлігінің стратегиясы – Иранның әуе‑қорғаныс кешендерін қысқа, орта және ұзақ қашықтықтарда нығайтып, жаңарту. Шамамен 120 км қашықтыққа ұшу қабілетіне ие «Сайяд‑3» кешені орта және ұзақ қашықтықтағы әуедегі қауіп‑қатерлерге қарсы жобаланған.
«Сайяд‑3» әлемдегі ең жаңа технологиялар негізінде жобаланған және радарға ілікпейтін қырғи, ұшқышсыз және қанатты ұшақтар, тікұшақтар мен әртүрлі маневр, жылдамдық, биіктікке ие заманауи ұшақтармен өзінің амалдар алаңында соғыса алады.
Иранның Қорғаныс министрлігі қорғаныс негізін нығайту аясында қарсыласу экономикасы жолында бар күш‑қайратымен қадам басып, Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін арттырудан бір сәт те қапы қалмайды»,‑деді.