АҚШ басшылары Иран халқымен құрметпен сөйлессін
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми Ақ үйдің Ирандағы америкалық тұтқындардың, соның ішінде FBI-дың бұрынғы қызметкері Роберт Левинсон мен Сиамак және Бағер Намази азат етілуі қажет деген қоқан-лоққыға толы мәлімдемесіне реакция білдіріп: «АҚШ басшылары Иран халқымен құрметпен сөйлесуі керек»,-деді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сенбі күні кешке Ақ үйдің қоқан-лоққыға толы мәлімдемесін Иранның ішкі ісіне араласуының дәлелі деп атап: «АҚШ-тың қоқан-лоққылары осы ел үкіметінің ішкі іске араласушылық және үстемшілдік сипатындағы болмысынан туындап отыр. Иранның революцияшыл халқы осындай дұшпандық қарым-қатынастар мен күш көрсетуге қарсы тұруда бай тәжірибе мен ұзақ тарихқа ие.
Иранның сот органы басшыларының жариялауына сәйкес, Ақ үйдің мәлімдемесінде есімдері аталған адамдар Иранда заң бойынша айыпталған. Олардың ісі заң бойынша қарастырылып жатыр. Иран АҚШ басшыларына Роберт Левинсон деген адамның бірнеше жыл бұрын Иранға келгенін, елден кеткеннен кейін Теһранның оның тағдыры туралы ешқандай ақпаратқа ие еместігін сан рет мәлімдеді»,-деді.
Ғасеми, сондай-ақ, АҚШ үкіметінің уәде бұзушылықтары, халықаралық дипломатияға қайшы сөздер айтуына тоқталып, осы елдің басшыларын соңғы жылдары жалған да негізсіз әртүрлі айыптармен ақлақтық және гуманистік ережелерге қайшы АҚШ-тың түрмелерінде өте ауыр жағдайда жатқан ирандықтарды тез арада босатып, басқа елдерде Иран азаматтарын сотпен қудалаудан бас тартуға шақырды.