Иран Президенті Сақшылар корпусы мен армияның әскери қабілетін арттыруды қуаттады
Иран Президенті Ислам революциясы Сақшылар корпусының аға қолбасшыларымен кездесуінде: «Ислам революциясы жетекшісінің нұсқауларын орындап, халыққа қызмет ету үшін жүйенің барлық күштері мен органдары бірігуі қажет»,-деді.
Иран Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Ислам революциясы Сақшылар корпусының аға қолбасшыларымен кездесуінде осы органның талпыныстарына алғыс айтып, барлық қарулы күштердің үйлескен талпыныстары халықтың талаптарын тезірек орындауға және барлық жауапты органдардың өз салаларында ашық түрде жүйе мүддесіне қызмет етуін арттыратынына үміт білдірді.
Рухани, сондай-ақ, үкіметтің өз миссиясы аясында Сақшылар корпусын қолдайтынын білдіріп: «Жаңа технологияларды пайдаланып, ИИР-ның Сақшылар корпусы мен армиясының әскери қабілетін арттыру Иранның ұлттық қауіпсіздігін кепілдендіре түседі»,-деді.
Сақшылар корпусының бас қолбасшысы дивизия генералы Мұхаммад Али Джафари осы кездесуде Сақшылар корпусының Ислам революциясының мақсаттарын орындау жолында үкіметпен жан-жақты әріптестік жасауға дайын екенін жариялады.