Иран Ауғанстанның бір ауруханасына жасалған лаңкестік шабуылды айыптады
https://itolqyn.com/news/iran-i29288
Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми Ауғанстанның орталық ауруханасына жуырда жасалған шабуылды айыптап, осы ел үкіметі мен халқына тілектестік білдірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 26, 2017 07:22 Asia/Almaty
  • Иран Ауғанстанның бір ауруханасына жасалған лаңкестік шабуылды айыптады

Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми Ауғанстанның орталық ауруханасына жуырда жасалған шабуылды айыптап, осы ел үкіметі мен халқына тілектестік білдірді.

Талибан мүшелері жексенбі күні Ауғанстанның орталығындағы Ғор облысының Тайвара қаласын басып алғаннан кейін осы қаладағы Ауғанстанның орталық ауруханасына баса- көктеп кіріп, науқастар, дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне оқ жаудырды. Бұл қылмыста  35 бейбіт тұрғын қаза болды.