Пан Ги Мун Сауд Арабиясының Йеменнің Хадже облысындағы бір базарына жасаған шабуылын айыптады
(last modified Thu, 17 Mar 2016 10:23:31 GMT )
Нау 17, 2016 16:23 Asia/Almaty
  • Пан Ги Мун Сауд Арабиясының Йеменнің Хадже облысындағы бір базарына жасаған шабуылын айыптады

БҰҰ-ның Бас хатшысы Сауд Арабиясының жаңа қылмысын – Йеменнің солтүстік-батысындағы Хадже облысында «Хамис» базарына жасаған шабуылын айыптады.

Mehr ақпарат агенттігінің «ән-Нашре» сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун сәрсенбі күні саудиялық қырғи ұшақтардың Йеменнің Хадже облысындағы «Хамис» базарына жасаған шабуылын айыптап, бұл жөнінде жылдам тексеріс жұмыстарының жүргізілуін талап етті.

Басқа жағынан, шекара танымайтын дәрігерлердің ұйымы да Сауд Арабиясының осы базарға жасаған шабуылын айыптап: «Осы ұйымға қарасты дәрігерлер тобы Хадже облысындағы «Абас» ауруханасында аталмыш шабуылдан жарақат алған 40-тан аса адамға дәрігерлік көмек көрсетті»,-деп мәлімдеді.

Бұдан бұрын Йеменнің Ансаролла қозғалысы да мәлімдеме жариялап, саудиялық режим тарапынан Хадже облысындағы «Хамис» базарының бомбалануын айыптаған болатын.

Айта кету керек, Сауд Арабиясы қырғи ұшақтарының сейсенбі күні Йеменнің Хадже облысындағы «Хамис» базарына жасаған айуандық шабуылында 107 адам қаза тауып, 90 адам жараланды.