Исламдық Иранның күш-қуаты мен ғиззаты түрлі ғылыми қабілеттердің дамуы арқылы артады
https://itolqyn.com/news/iran-i29364-Исламдық_Иранның_күш_қуаты_мен_ғиззаты_түрлі_ғылыми_қабілеттердің_дамуы_арқылы_артады
ИИР президенті елінің түрлі ғылыми салалардағы қабілеттерінің артуын исламдық Иранның күш-қуаты мен ғиззатының себебі деп атады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 28, 2017 21:59 Asia/Almaty
  • Исламдық Иранның күш-қуаты мен ғиззаты түрлі ғылыми қабілеттердің дамуы арқылы артады

ИИР президенті елінің түрлі ғылыми салалардағы қабілеттерінің артуын исламдық Иранның күш-қуаты мен ғиззатының себебі деп атады.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР президенті Хасан Рухани кеше бейсенбі күні кешке Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында: "Бүгінгі таңда ғылым мен технология Иран үшін өте маңызды кеңістік саналады. Сондықтан Ислам республикасының әртүрлі ғылым салаларындағы қабілеті мен қуаты артқан сайын оның күш-қуаты мен ғиззаты да арта түспек.

"Ортақ қадам" бағдарламасынан кейінгі кезеңде басқалардың тәжірибесін пайдалану арқылы әрі өзіміздің мамандарымыз бен ғалымдарымыздың еселенге талпыныстары мен ерік-жігерінің арқасында Иранның ұлттық дамуына жеткізетін өте қолайлы мүмкіндік туып тұр",- деп жазды.