Рухани: Иран мен Түркия – Батыс Азия аймағы мен ислам әлеміндегі екі алпауыт ел
Иран Президенті Түркия Президентімен сұхбатында осы елдің үкіметі мен халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтап: «Иран мен Түркия Батыс Азия аймағы мен ислам әлеміндегі екі алпауыт ел ретінде аймақтық мәселелер мен қиындықтарды шешуде маңызды рөл атқарады»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хасан Рухани сәрсенбі күні телефон арқылы Режеп Тайып Ердоғанмен сөйлесіп, Түркия үкіметі мен халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтап: «Қуанышымызға орай, қазіргі таңда көршілес екі ел арасында экономика, саясат, мәдениет және халықаралық қатынас салаларында екіжақты тұрақты да тиімді байланыс орнаған»,-деді.
Режеп Тайып Ердоған Иран Президентінің өткен 8 жылда екі ел әріптестігі мен стратегиялық байланысын дамытып, тереңдетуге күш салғанына алғыс айтып, болашақта осы қарым-қатынастың одан ары жалғасатынына сенім білдірді.