Исламдық Иранның күш-қуаты мен ғиззаты түрлі ғылыми қабілеттердің дамуы арқылы артады
ИИР президенті елінің түрлі ғылыми салалардағы қабілеттерінің артуын исламдық Иранның күш-қуаты мен ғиззатының себебі деп атады.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР президенті Хасан Рухани кеше бейсенбі күні кешке Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында: "Бүгінгі таңда ғылым мен технология Иран үшін өте маңызды кеңістік саналады. Сондықтан Ислам республикасының әртүрлі ғылым салаларындағы қабілеті мен қуаты артқан сайын оның күш-қуаты мен ғиззаты да арта түспек.
"Ортақ қадам" бағдарламасынан кейінгі кезеңде басқалардың тәжірибесін пайдалану арқылы әрі өзіміздің мамандарымыз бен ғалымдарымыздың еселенге талпыныстары мен ерік-жігерінің арқасында Иранның ұлттық дамуына жеткізетін өте қолайлы мүмкіндік туып тұр",- деп жазды.