АҚШ-тың сөзі мен әрекеті бұл елдің арам ниетінің дәлелі
Иран Сыртқы істер министрі Зариф Твиттер әлеуметтік желісіндегі парақшасында: "Иран АҚШ-қа қайшы өз ниетін "Ортақ қадам" бағдарламасының мәтіні мен рухына сәйкестендірді. Бірақ АҚШ-тың сөздері мен әрекеттері бұл елдің арам ниетін дәлелдейді",- деп жазды.
Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф жұма күні өзінің Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Ортақ қадам" жан-жақты бағадарламасындағы әрбір сөз мұқият қарастырылған болатын.
Иран ядролық қарулар өндірген емес, өндірмейді. Сондықтан оларды тасығыш құралдарды да өндіре алмайтыны анық",-деп жазды.
Иран Сыртқы істер министрінің бұл сөздері "Ортақ қадам" бағдарламасының жүзеге асуына кедергі келтіру мақсатында АҚШ-ның Өкілдер палатасы мен Сенаты Иранға қарсы санкцияларды күшейту туралы заң жобасын бекіткен жағдайда айтылды.