Иранның үштік билігінің басшылары АҚШ-тың жаңа санкциялары мен олармен күресу жолдары жайында сұхбаттасты
(last modified Mon, 31 Jul 2017 15:25:20 GMT )
Шіл 31, 2017 21:25 Asia/Almaty
  • Иранның үштік билігінің басшылары АҚШ-тың жаңа санкциялары мен олармен күресу жолдары жайында сұхбаттасты

Иран президенті: "АҚШ Иранға қарсы дұшпандық әрекеттерінен көптеген зиян шегіп, шығынға ұшырайды. Бұл әрекеттер оларды әлемнен оқшауландырады",- деді.

Иранның Атқарушы, Заң шығарушы және Сот биліктері басшыларының бірлескен отырысы жексенбі күні Иран мен аймақтың аса маңызды мәселелерін талқылауға арналды.

ИИР президенті Хасан Рухани Иран Сот билігінің басшысы аятолла Садық Амоли Лариджани мен Заң шығарушы биліктің басшысы Әли Лариджанимен өткен ортақ отырыс жайлы айтқан сөзінде: "Бұл отырыста АҚШ-тың жуырда жариялаған санкциялары мен осы санкцияларға қарсы күресу үшін қолданатын іс-шаралар туралы сұхбаттастық",- деп мәлімдеді.

Рухани ИИР-ның бүгінгі таңда оның ұлылығына ешкім зиян келтіре алмайтын орында орналасқанын баса айтып: "Барлық билік тармақтары ИИР-ның Қарулы күштеріне қолдау көрсетуі тиіс. Сонда ешкім Иран Қарулы күштерінің қуатына зиян келтіре алмайды.

Иран халқы ИИР-дың Әскері, Ислам революциясы Сақшылар корпусы, "Басидж" ерікті күштері, Тәртіп сақтау күштері мен басқа да қауіпсіздік күштеріне толық қолдау көрсетіп, Иран табандылықпен өз жолын одан әрі жалғастырмақ",- деп сөзін жалғады.

 

Тегтер