Шетелдік күштердің Иранның оңтүстік суларындағы әрекеттері заңсыз
(last modified Mon, 31 Jul 2017 17:40:43 GMT )
Шіл 31, 2017 23:40 Asia/Almaty
  • Шетелдік күштердің Иранның оңтүстік суларындағы әрекеттері заңсыз

Иран қарулы күштері Бас штабының төрағасы бригада генералы Бағери ИИР-ның өз жерінің суларындағы трансаймақтық күштердің әрекеттеріне жауап беретінін мәлімдеді.

Иран қарулы күштері Бас штабының төрағасы бригада генералы Мохаммад Бағери шекаралық аймақтар мен Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан мен Балучестан облысында орналасқан әскери бірліктерді аралау барысында: «Иран жерлерінің суларындағы трансаймақтық күштердің әрекеттері заңсыз. Иран заң негізінде  оларға ескерту жасап, әрекеттерінің алдын алады. Трансаймақтық күштердің Иранның өз жерлерінің суларындағы әрекеттеріне реакциясы туралы уәждері олардың жерлерін кеңейту аясында айтылатын жалған сөздер. Олардың ешбір заңды күші жоқ» деді.

Иран қарулы күштері Бас штабының төрағасы сондай-ақ, шекараның арғы бетіндегі үстемшіл елдердің қолдауына ие топтардың әрекеттеріне тоқталып, сол әрекеттерге Пәкістан үкіметінің шынайы көңіл аударуы қажеттігін айтып: «Жасалынған үйлесімділіктерге сәйкес, жақында Пәкістан әскерінің ортақ шекаралардағы үлкен құзырына куә боламыз» деді.