ИИР Президентінің инаугурациясына 90-нан астам елдің жоғары лауазымды делегациялары қатысады
https://itolqyn.com/news/iran-i29472
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің мүшесі: «ИИР Президентінің инаугурациясына 90-нан астам елдің жоғары лауазымды делегацияларының қатысуы қауіпсіз де құдіретті Иранға аударылатын назардың бетбұрыс нүктесі болады»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 01, 2017 14:47 Asia/Almaty
  • ИИР Президентінің инаугурациясына 90-нан астам елдің жоғары лауазымды делегациялары қатысады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің мүшесі: «ИИР Президентінің инаугурациясына 90-нан астам елдің жоғары лауазымды делегацияларының қатысуы қауіпсіз де құдіретті Иранға аударылатын назардың бетбұрыс нүктесі болады»,-деді.

Иран Президенті Хасан Руханидің инаугурациясы сенбі күні, 2017 жылдың 5 тамызында Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің ашық алаңында өткізіледі. Хасан Рухани Ирандағы Президенттік сайлаудың он екінші кезеңінде 23 млн-нан астам дауыс жинап, тағы ИИР Президенті болып сайланды.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің мүшесі Әлиреза Рахими дүйсенбі күні: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы орындалып, кейбір кедергілер жойылып, Иранға инвесторлар қайтып оралғаннан кейін әлем халықтары Иранға реалистік тұрғыдан қарай бастады. «Ираннан үркіту» кеңістігі «Иранға бет бұру» кеңістігіне алмасты»,-деді.