Зариф: Көршілермен жақсы қарым-қатынас – Иранның басты бағдары
https://itolqyn.com/news/iran-i29526-Зариф_Көршілермен_жақсы_қарым_қатынас_Иранның_басты_бағдары
Иран Сыртқы Істер Министрі Зариф ИИР-ның басты бағдарын көршілес елдермен қарым-қатынасты өзара құрмет негізінде дамыту деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 02, 2017 20:42 Asia/Almaty
  • Зариф: Көршілермен жақсы қарым-қатынас – Иранның басты бағдары

Иран Сыртқы Істер Министрі Зариф ИИР-ның басты бағдарын көршілес елдермен қарым-қатынасты өзара құрмет негізінде дамыту деп атады.

ИИР-ның Сыртқы Істер Министрі Мұхаммад Джавад Зариф 11-ші үкіметтің соңғы отырысы аясында тілшілерге берген сұхбатында саудиялық әріптесі Адел әл-Джубейрмен халықаралық отырыстарда қол алысуын   қалыпты іс деп атап: «Халықаралық ұйымдардың жиналыстарында мұндай оқиғалар қалыпты жағдай. Осындай отырыстарға қатысатын адамдар бір-бірімен  байланыста болады. Иран Арабстанның көптеген саясатына қарсы болғанымен, Теһранның саясаты әрдайым көршілермен жақсы қатынасты сақтау болды. Иран ешқашан көршілес елдермен қарым-қатынасын үзуді көздеген емес. Иранның бұл саясаты қарым-қатынаста өзара құрметті сақтау, рационалды саясат жүргізу, кедергі жасамау және аймақ халықтарымен тиісті қатынас жасауға негізделген»,-деді.

ИИР-ның Сыртқы Істер Министрі, сондай-ақ, АҚШ үкіметі тарапынан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бұзылуына қарсы Иранның қарымта шаралары жайында: «Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бұзылуына қарсы алғашқы қарымта шарасы Ислам Кеңесі Мәжілісінің бекіткен қаулысы болды. Басқа да саяси және құқықтық  шаралар жоспарлануда. Олар уақыты келгенде орындалатын болады»-деді.

Иранның дипломатиялық аппаратының басшысы сонымен қатар, Ираннан үркіту және оған қарсы үгіт-насихаттарды тоқтатуды Иран үкіметінің сыртқы саясаты саласындағы өзінің ең көрнекті жетістігі деп атады.