Санкциялар дұшпанның қалауына қарсы Иранды анағұрлым күшейтіп, айбынын арттырды
(last modified Thu, 03 Aug 2017 15:43:56 GMT )
Там 03, 2017 21:43 Asia/Almaty
  • Санкциялар дұшпанның қалауына қарсы Иранды анағұрлым күшейтіп, айбынын арттырды

Хазірет аятолла Хаменеи бүгін бейсенбі күні имам Хомейни атындағы хосейниеде Руханиді президент лауазымына тағайындау рәсімінде: «Санкциялар қиындықтар тудырғанымен біздің көңіліміздің елдің ішкі әлеуеттері мен мүмкіндіктеріне аударылуына себеп  болды.  Сондықтан, бүгін дұшпанның қалауына қарсы революцияның бастапқы жылдарымен салыстырғанда Иран анағұрлым мықтырақ, әрі айбындырақ елге айналды.

Американың қазіргі басшылары сияқты кейбіреулер Иран халқымен ашық түрде жауласуда. Кейбіреулердің айла-шарғысы мақпал қолғаптың ішіндегі темір жұдырықтай болды. Бірақ, бұл жобалардың барлығы Иран халқы мен басшылардың өздеріне деген сенімдерінің артып, дұшпанның айла-шарғыларымен күресетін жолдарды табуына себеп болды» деді.

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-н үстемшіл елдердің барлығынан арсыз деп атап: «Халықаралық қырық жылғы белсенділіктер үстемшіл мемлекеттерге мойынсұнудың олармен қарсыласуға қарағанда соншалықты құнының жоғары екенін көрсетті» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи зымыран тасығышты сынау туралы жуырдағы жанжалдарға сілтеме жасап: «Зымыран тасығышты ұшырып, сынау – ел үшін ғылыми, техникалық және қалыпты іс. Бірақ, бұл тақырып та жанжал тудырды» деді.

Мәртебелі жетекші сонымен қатар президент лауазымына тағайындау отырысының маңызын  «халықтың елдің бірінші деңгейлі басшыларын сайлаудағы рөлі» деп атап: «Бұл президенттік кезең – ислам революциясынан кейінгі он екінші кезең, халықтың дауысы мен таңдауының рөлінің көрсеткіші. Аталмыш үлкен жетістікке ревоюцияның арқасында қол жеткізілді» деді.