Жетекші әлеммен ауқымды әріптестік жасап, үстемшілдерге қарсы табандылық көрсету қажеттігін қуаттады
(last modified Fri, 04 Aug 2017 14:58:08 GMT )
Там 04, 2017 20:58 Asia/Almaty
  • Жетекші әлеммен ауқымды әріптестік жасап,  үстемшілдерге қарсы табандылық көрсету қажеттігін қуаттады

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Иран халқының таңдауын растап, Хасан Руханиді ИИР Президенті етіп тағайындады.

Иран Конституциясының 110-бабы бойынша, халық сайлағаннан кейін президент болу жарлығына қол қою жетекшінің міндеттері мен өкілеттіктерінің қатарына жатады. Хазірет аятолла Хаменеи бейсенбі күні таңертең Хасан Руханиді президенттікке тағайындау рәсімінде халықтың сайлауға жаппай қатысуы мен таңдалған адамның көп дауыс жинауын республикалық жүйенің нығаюының нышаны деп атады. Хасан Рухани 2017 жылы 19 мамырда өткен президенттік сайлаудың он екінші кезеңінде  халықтың 23 млн-нан астам дауысын алды.

Иран Президентін тағайындау болу жарлығы орындалғаннан кейін Ислам революциясының жетекшісі сөз сөйлеп, ішкі және сыртқы салалардағы маңызды мәселелерге тоқталды. Хазірет аятолла Хаменеи президенттікке тағайындау рәсімінің маңыздылығын халықтың мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларын таңдауға атсалысуында деп атап: «Бұл тағайындау рәсімі – Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі он екінші рәсім. Мұның өзі халықтың таңдауы мен дауысының әсерлі екенін көрсетеді. Мұндай үлкен жетістік революцияның арқасында орын алды»,-деп қуаттады.

Халықтың саяси салалардың барлығында айшықты рөл атқаруы Ислам революциясының ең маңызды сыйы болды. Бұл іс Ислам революциясының 40 жылға жуық ғұмырында әрдайым көрініс тауып отырды. Халықтың  президенттік сайлаудың он екі кезеңіне, Ислам Кеңесі Мәжілісіне сайлаудың он кезеңіне, Эксперттер кеңесі мен қалалық және ауылдық ислам кеңестеріне сайлаулардың бесінші кезеңіне қатысуы ИИР жүйесінде халыққа сенім артылатынын, олардың шынайы түрде рөл атқаратынын дәлелдейді. Ислам революциясы жеңіске жеткенге дейінгі диктаторлық режимде халық ешқандай рөлге ие болмаған. Олар үлкен саяси істерді тамашалап қана отырған. Бүгінде Ислам революциясының арқасында ИИР жүйесінде діни демократия  қалыптасты. Халық әртүрлі лауазымды тұлғаларды тікелей дауыс беру арқылы сайлайды. Басқа сөзбен айтқанда халық пен ИИР жүйесі арасындағы тұрақты қатынас Ислам революциясы үшін үлкен капитал болды.

Ислам революциясының жетекшісі ИИР жауапты тұлғалары үшін үш маңызды бағытты түсіндірді:  бірінші тақырып – халықтың экономикалық қиындықтарын шешу және Иранда бар орасан әлеуеттер мен мүмкіндіктерге сәйкес оларды жою. Ислам революциясы жетекшісінің баяндамасында айтылған екінші маңызды тақырып – сыртқы саясат. Хазірет аятолла Хаменеи: «Иран әлем елдерімен ауқымды әріптестік жасауға көңіл аударады. Бұл дұшпандар мен әлемдік алпауыттар көздейтін мақсатқа кереғар»,-деп қуаттады. Иран өзінің исламдық-революциялық құндылықтарын, әсіресе тәуелсіздік рухы мен басқаларға көмектесіп, әлем елдерімен сындарлы да ауқымды әріптестік жасап отыр. Лаңкестікпен шынайы түрде күресуі және әлемдік қауымдастықтың аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздік орнату жолындағы талпыныстарына атсалысуы Иранның жауапкершілікті қабылдап, әлем елдерімен сындарлы қатынас жасап отырғанын көрсетеді. Маңызды нәрсе мынада: Иран халықаралық жүйеде басқалармен байланыс орнату жолында өзінің сыртқы саясат принциптерін шетке ысырмайды. Әсіресе аймақтағы жапа шеккен халықтар мен үкіметтерге көмектесу Иранның назарынан тыс қалмаған. Ислам революциясы  жетекшісінің президенттікке тағайындау рәсімінде жасаған баяндамасының тағы бір маңызды өзегі – үстемшіл дұшпандарға қарсы кесімді позиция ұстану. Ислам революциясының жетекшісі АҚШ режимін барлық үстемшілдерден арсыз әрі агрессияшыл деп атап: «40 жылдық халықаралық белсенділік зорлықшыл алпауыттарға тізе бүгудің шығынының оларға қарсы тұрғаннан әлдеқайда көп екенін көрсетті»,-деп қуаттады. АҚШ Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін Иранмен жауласуды жалғастырып келеді және бұл жолда әртүрлі құралдарды пайдалануда. Санкциялар, саяси қысым, Ирактың дарға асылған диктаторы Саддамның Баас режимінің Иранмен соғысында оған жан-жақты қолдау көрсету және басқа да қастандықтар АҚШ-тың күн тәртібінде болды. Алайда исламдық Иран халықтың арқасында мықты да айбынды болып қала берді. Хазірет аятолла Хаменеидің айтуынша, ИИР қазір барлық санкциялар мен дұшпандықтардың барына қарамастан революцияның алғашқы жылдарынан әлдеқайда мықтырақ әрі айбындырақ. Иран үстемшілдерге қарсылық аясында және әртүрлі салаларда, соның ішінде әскери және ғылыми салаларда жергілікті ғылымға сүйенудің арқасында жарқырап, дамып келеді.