Қазақстан Иранмен қарым-қатынасты кеңейтуге мүдделі
https://itolqyn.com/news/iran-i29568-Қазақстан_Иранмен_қарым_қатынасты_кеңейтуге_мүдделі
Қазақстан Сыртқы істер министрі Астананың Иран Ислам Республикасымен қарым-қатынасты кеңейтуге мүдделі екенін қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 05, 2017 14:48 Asia/Almaty
  • Қазақстан Иранмен қарым-қатынасты кеңейтуге мүдделі

Қазақстан Сыртқы істер министрі Астананың Иран Ислам Республикасымен қарым-қатынасты кеңейтуге мүдделі екенін қуаттады.

Қайрат Әбдірахманов жұма күні Теһранда Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен кездесуінде Астананың ИИР-мен арадағы қарым-қатынасын кеңейтуге және екі ел арасындағы келісімдерді жүзеге асыруға мүдделі екенін айтты.

Кездесу барысында қос тарап екі жақты қарым-қатынас туралы, атап айтқанда банк саласындағы ынтымақтастықты дамыту және оны нығайту жолдары жайлы сұхбаттасты.

Халықаралық қауымдастықта ынтымақтастық жасау, лаңкестікпен бірлесіп күресу және Сирия мәселесі жөніндегі Астана келіссөздерін нығайту, ғылыми-технологиялық әріптестіктер, шаң-тозаң мәселесімен күресу және транзиттік ынтымақтастықтар жасауды қуаттау Мұхаммад Джавад Зариф пен Қайрат Әбдірахмановтың кездесуінде талқыланған негізгі тақырыптардың қатарын құрайды.

Қазақстан Сыртқы істер министрі Иран Ислам Республикасының он екінші президентінің ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Теһранға сапармен келді.