Зариф: АҚШ-тың жаңа үкіметінің әрекеттері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының мәтінін бұзды
Иран президентінің инаугурациясына қатысу үшін Теһранға келген Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини бүгін түске дейін Иран Сыртқы Істер Министрімен кездесіп, сұхбаттасты.
Иран Сыртқы істер министрі кездесуде АҚШ-тың «Ортақ қадам» бағдарламасын орындау жолында тудырған қиындықтарына тоқталып: «АҚШ-тың жаңа үкіметі ИИР-на «Ортақ қадам» бағдарламасының пайдасын көргізбеуді мақсат тұтып отыр. Бұл «Ортақ қадамның» мәтінін бұзу болып саналады. Трамп Иранның есебінен «Ортақ қадам» бағдарламасын жоюға талпыныс жасауда. Осы мәселеге қатысты Еуропа қырағылық танытуы қажет»,-деді. Сонымен қатар, Зариф Simorgh спутнигінің ұшырылуы мен бұл істің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына еш қайшылығының жоқ екендігіне тоқталып, үш еуропалық елдің АҚШ-пен бірігіп жариялаған жуырдағы мәлімдемесін сынап, оны қате жолдағы әрекет деп сипаттады.
Могерини да Иранға келіп, Руханидің ұлықтау рәсіміне қатысатындығына қуаныш білдіріп: «Халықаралық қауымдастық «Ортақ қадам» бағдарламасында Иранмен ортақ мүдделерге ие. Еуропа одағы «Ортақ қадам» бағдарламасын кесімді түрде қолдайды. Бұл – барлық еуропалық елдердің ортақ позициясы»,-деді.