Еуропа барлық тараптардың «Ортақ қадам» бағдарламасына беріктігін сақтауда ауыр міндетке ие
https://itolqyn.com/news/iran-i29600
ИИР Президенті Рухани кейбір тараптардың «Ортақ қадам» бағдарламасындағы міндеттемелеріне берік еместігін айтып: «Бүгін Еуропа барлық тараптардың «Ортақ қадам» бағдарламасына беріктігін сақтауда ауыр міндетке ие»,-деп қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 06, 2017 06:52 Asia/Almaty
  • Еуропа барлық тараптардың «Ортақ қадам» бағдарламасына беріктігін сақтауда ауыр міндетке ие

ИИР Президенті Рухани кейбір тараптардың «Ортақ қадам» бағдарламасындағы міндеттемелеріне берік еместігін айтып: «Бүгін Еуропа барлық тараптардың «Ортақ қадам» бағдарламасына беріктігін сақтауда ауыр міндетке ие»,-деп қуаттады.

ИИР Президенті Хасан Рухани Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могеринимен кездесуінде: «Теһран «Ортақ қадам» бағдарламасын орындау міндетіне табанды. Егер қарсы тарап оны бұзбаса, Иран өз міндеттемелерін орындауды жалғастырады»,-деді.

ИИР Президенті АҚШ-тың «Ортақ қадам» бағдарламасындағы міндеттемелерін орындау тәсілінің барлық тараптарды алаңдатып отырғанын айтып: «АҚШ үкіметі тарапынан міндеттемелердің бірнеше рет бұзылып, Иранға қарсы жаңа санкциялардың салынуы қоғамдық пікірге теріс әсер етіп, «Ортақ қадам»  бағдарламасын орындау жолында бүлдіргі сипатқа ие болуы мүмкін. Сол себепті, Иран Ислам Кеңесінің Мәжілісі АҚШ-тың жаңа шарасымен күресуге қатысты заң бекітеді»-деді.

Федерика Могерини де Еуропа одағының «Ортақ қадам» бағдарламасының толық орындалуын кепілдендіретін жан-жақты жоспар  дайындауды көздеп отырғанын айтып: «Ортақ қадам» бағдарламасы тек бір тарапқа қатысты емес. Келісімгер тараптартар мен халықаралық қауымдастық оның сақталуы мен қорғалуы жолында талпыныс жасауы керек»,-деді.