Иран мен Украинаның экономикалық қарым-қатынастарын нығайту үшін тікелей сауда байланысын орнату қажет
ИИР Вице-президенті Джаһангири Украина Премьер-министрінің орынбасарымен кездесуінде тікелей сауда байланысын орнатуды Иран мен Украина арасындағы экономикалық қарым-қатынасты нығайту үшін қажет іс деп атады.
Исқақ Джаһангири ИИР Президенті Хасан Руханиді ұлықтау салтанатына қатысу үшін Теһранға келген Украина Премьер-министрі Степан Кубивпен кездесуінде: «Екі ел басшылары мен делегацияларының барыс-келісі Теһран мен Киевтің қарым-қатынасын нығайтуда әсерлі қадам саналады. Иран Украинамен барлық салалар бойынша байланысты дамытуға дайын»,-деді.
Украина Премьер-министрінің орынбасары Степан Кубив те бұл кездесуде: «Украина мен Иранның сауда-экономикалық байланыстары тікелей, еш делдалсыз жүзеге асуы тиіс. Бұл іс арнайы бағдарлама мен жол картасының жасалуын қажет етеді»,-деді.