Иран Корея түбегінде бейбітшілік пен тыныштықтың орнағанын қалайды
ИИР президенті Рухани: "Иран Корей түбегі аймағында бейбітшілік пен тыныштықтың орнағанын және келіспеушіліктердің сұхбаттасу арқылы шешілгенін қалайды",- деді.
Хасан Рухани сенбі күні кешке Теһранда Солтүстік Корея Ұлттық Халықтық Конгресс төрағасы Ким Йонг Наммен кездесуінде: "ИИР Корей түбегіндегі текетірестің жалғыз шешім жолы – сұхбаттасу мен келіссөздер",- деді.
Иран президенті екі корей мемлекеті арасындағы текетіресті шешу мақсатында келіссөздердің басталатындығына үміт білдіріп: "Иран түсіністік пен келіссөздер үстелін келіспеушіліктерді доғарудың ең игі шешімі деп санайды",- деді.
Ким Йонг Нам бұл кездесуде ИИР-бен әртүрлі салаларда, әсіресе экономикалық және ғылыми-технологиялық салаларда қарым-қатынасты кеңейтуді сұрады.
Ким Йонг Нам Қосылмау қозғалысының рөлі мен орнын нығайту қажеттігін қуаттап: "Пхеньян Қосылмау қозғалысын күшейту арқылы бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуда ұйымға мүше елдер арасында сындарлы ынтымақтастықтар жасалатындығына үміттенеді",- деді.