Мемлекет басшылары Иран республикасының Президентімен жүздесті
https://itolqyn.com/news/iran-i29660
ИИР Президенті дүйсенбі күні Зимбабве республикасының Президенті Роберт Мугабе мен Пәкістан Сенат палатасының төрағасын, сондай-ақ, Сенегалдың Мәдениет және байланыстар министрін, Боливия Президенті Эво Моралестің арнайы өкілін қабылдады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 07, 2017 22:16 Asia/Almaty
  • Мемлекет басшылары Иран республикасының Президентімен жүздесті

ИИР Президенті дүйсенбі күні Зимбабве республикасының Президенті Роберт Мугабе мен Пәкістан Сенат палатасының төрағасын, сондай-ақ, Сенегалдың Мәдениет және байланыстар министрін, Боливия Президенті Эво Моралестің арнайы өкілін қабылдады.

Рухани Зимбабве республикасының Президенті Роберт Мугабемен кездесуінде Теһран-Хараре арасындағы байланыстардың дамуына қолдау білдіріп: "Иран мен Зимбабвенің ауыл шаруашылығы, ғылым мен мәдениет салаларында әріптестікті кеңейтіп, индустриялық және техникалық жобаларды орындайтын жақсы әлеуеттері мен мүмкіндіктері бар",-деді.

Кездесудің жалғасында Боливияның Әділет министрі Руханиге өз ел Президентінің газға қатысты ОПЕК басшыларының саммитына қатысуға   ресми шақыруын табыс етіп: "ИИР-да әр түрлі салаларда әлеуеттер  мен мүмкіндіктер бар. Біз Иранды тәуелсіздігі мен өз-өзіне сенімділігі тұрғысынан мақтан тұтамыз",-деді