Иранның қуаты халықтың қырағылығынан бастау алады
Иран Сыртқы істер министрі Зариф: "ИИР барлық қысымдарға қарамастан, өз қуатына сыртқы қолдау мен коалициядан емес, өз халқының даналығы, табандылығы мен қырағылығының арқасында қол жеткізіп отыр",- деді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Журналистер күніне орай Теһранда тілшілердің алдында сөйлеген сөзінде Иранның күш-қуаты мен дамуын халықпен байланыстырып, Иранның қуатының халықтан бастау алатынын айтты.
Зариф кейбір аймақ елдерінің БАҚ саласында жұмсап жатқан қыруар қаражатына сілтеме жасап: "Хабар дайындап, олардың бір-бірімен үйлесуінде жоғары сезімталдық және қырағылықпен ұлттық мүддені көздеу керек",- деп баса айтты.
Иран СІМ басшысы БАҚ пен журналистердің рөлін өте маңызды бағалап: "Бүгінде қуат дегенміз тек әскери қуат емес. Оның құралдары әртүрлі болып келеді. Пікір, мазмұн мен кескін тудыра алатын адам нағыз қуатқа ие",-деді.
Х.ш.ж.с.б 1377 жылы мордад айының он жетісі, сәйкесінше 1998 жылы тамыздың сегізі күні ИРНА ақпарат агенттігінің тілшісі Махмұд Сарми Ауғанстанның Мазар-Шариф қаласындағы Иран Консулдығының сегіз қызметкерімен бірге Талибан тобының қолынан шәһид болған. Осы оқиғаға байланысты мордад айының он жетісі Иранда Журналистер күні деп аталған.