Иран Ислам кеңесінің мәжілісінде "Ортақ қадам" бағдарламасы бойынша отырыс өтті
https://itolqyn.com/news/iran-i29732-Иран_Ислам_кеңесінің_мәжілісінде_Ортақ_қадам_бағдарламасы_бойынша_отырыс_өтті
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитетінің ақпарат өкілі Сейд Хосейн Нақави осы комитеттің сейсенбі күнгі отырысында АҚШ-тың аймақтағы авантюристік және лаңкестік әрекеттеріне қарсы күрес жоспары талқыланғанын хабарлап:
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 10, 2017 07:13 Asia/Almaty
  • Иран Ислам кеңесінің мәжілісінде

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитетінің ақпарат өкілі Сейд Хосейн Нақави осы комитеттің сейсенбі күнгі отырысында АҚШ-тың аймақтағы авантюристік және лаңкестік әрекеттеріне қарсы күрес жоспары талқыланғанын хабарлап:

"Бұл жиналыста ИИР-ның Сыртқы істер министрі  Мұхамед Джавад Зариф  комитеттің барлық мүшелерінің алдында АҚШ-пен арадағы шиеленісті басқарып, оны азайтуды Иранның болашақ үкіметіндегі Сыртқы істер министрлігінің ең маңызды міндеттерінің бірі деп атады.

Зариф бұл отырыста Иранның шиеленісті көздемейтінін, керісінше елдер арасындағы тыныштықты қалайтынын қуаттады. ИИР халықтың мүддесін қорғауға белді бекем буып отыр. Америкалықтар "Ортақ қадам" бағдарламасының шығынын Иранға арта алмайды. Егер бұл бағдарламаны тоқтатқысы келсе, оның шығынын өздері өтеуі керек",-деп баса айтты.