Трамп әрдайым «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жоюды көздеп келеді
https://itolqyn.com/news/iran-i29790-Трамп_әрдайым_Ортақ_қадам_жан_жақты_бағдарламасын_жоюды_көздеп_келеді
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф Twitter-дегі өзінің жеке парақшасында: «АҚШ Президенті әрдайым «Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасын жоюды көздеп келеді»,-деп жазды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 12, 2017 15:43 Asia/Almaty
  •  Трамп әрдайым «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жоюды көздеп келеді

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф Twitter-дегі өзінің жеке парақшасында: «АҚШ Президенті әрдайым «Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасын жоюды көздеп келеді»,-деп жазды.

АҚШ Президенті Дональд Трамп жұма күні таңертең Иран мен «алтылық» елдерінің (Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция, АҚШ пен Германия) ядролық келісімін тағы сынап: «Иран «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына берік болмады»,-деген уәж айтты.

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Twitter-де: «Дональд Трамп оқшауланбау үшін «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан шықты деген сылтаумен Иранды кінәлі етіп көрсеткісі келеді. Бұл сөздер АҚШ-тың аталмыш бағдарламаның рухы мен мәтінін бұзуымен қоса, Трамптың теріс пиғылын білдіреді»,-деді.