Лариджани: Лаңкестердің мақсаты – мұсылмандарды жаманатқа қалдыру
(last modified Sun, 13 Aug 2017 16:35:27 GMT )
Там 13, 2017 22:35 Asia/Almaty
  • Лариджани: Лаңкестердің мақсаты – мұсылмандарды жаманатқа қалдыру

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы: «ДАИШ лаңкестік тобының қылмыстары лаңкестердің исламдық мәдениеттен соншалықты алыс әрі олардың мақсаттарының мұсылмандардың арасына жік салып, оларды жаманатқа қалдыру екендігін көрсетті»,- деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні Мәжілістің ашық отырысында қасиетті кесенелердің қорғаушыларының бірі шәһид Мохсен Ходжаджиді еске алып: «Ходжаджидің шәһид болуы әлемге мақсатқа жету жолындағы жанкештілік сабағын көрсетті. Лаңкестерге қарсы бүгінгі күрес – имам Хусейннің (ғ.с.) жақтастары мен язидшілердің күресінің үлгісі»,- деді.

Лариджани лаңкестердің Ауғанстандағы жуырдағы қылмыстарын тәкфиршіл ой-пікір салдарларының үлгісі деп атап: «Араб елдері исламдық үмбетке қарсы бұл зұлымдық пен қылмыстарға АҚШ пен сионистердің қатысы барын көрмей ме?» деді. АҚШ пен сионистік режим қарсыласу қозғалысы мен Ливанның Хизболласына қарсы 33 күндік соғыста сәтсіздікке ұшыраған соң, ислам үмбетінің арасында қайшылық тудыру мақсатымен лаңкестік шабуылдарға кірісіп, аймақтың кейбір мемлекеттерін ислам үмбеті арасындағы ішкі соғысқа тіреді. 33 күндік соғыста Ливанның Хизболласы сионистік режимді жеңген сияқты  шәһид Ходжаджи сияқты қаһармандар лаңкестердің қалғандарын АҚШ пен сионистік режим мен олардың аймақтағы одақтастарына тапсырады»,- деді.