Иран Мәжілісі АҚШ-тың аймақтағы лаңкестік әрекеттеріне қарсы жалпы жобаны мақұлдады
(last modified Sun, 13 Aug 2017 17:11:11 GMT )
Там 13, 2017 23:11 Asia/Almaty
  • Иран Мәжілісі АҚШ-тың аймақтағы лаңкестік әрекеттеріне қарсы  жалпы жобаны мақұлдады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің депутаттары жексенбі күні АҚШ-тың аймақтағы лаңкестік әрекеттеріне қарсы жалпы жобаны мақұлдады.

Иран Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының баспасөз хатшысы Хосейн Нақави-Хосейни аталмыш комиссияның АҚШ-қа қарсы жобасымен таныстыруымен бірге: «АҚШ-тың аймақтағы лаңкестік әрекеттеріне қарсы жобада «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының негіздері сақталды. Яғни, бұл жобадағы ұсыныстар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайшы келмейді»,- деп мәлімдеді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани АҚШ-тың аймақтағы лаңкестік әрекеттеріне қарсы жобаның  Ислам Кеңесі Мәжілісінде бекітілуін Иранның бірінші қадамы деп атап, Иран Мәжілісінің АҚШ үкіметі мен Конгресінің әрекеттерін қадағалап отырғанын айтты.

«Ортақ қадам» бағдарламасының іске асырылуын қадағалайтын ирандық топтың басшысы әрі Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Арақчи де бұл жобаны «Ортақ қадам» бағдарламасының іске асырылуын қадағалайтын топтың АҚШ Конгресінің жобаларына қарсы тұру мақсатында бекіткен әрекеттердің бір бөлімі деп атап: «Иранның АҚШ-қарсы тұру құралдары тек «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының негіздерімен шектелмейді. Иранның АҚШ-қа қарсы тұратын көптеген мүмкіндіктері бар»,- деп мәлімдеді.

АҚШ-тың аймақтағы лаңкестік әрекеттеріне қарсы 9 бөлімнен тұратын жоба АҚШ-тың лаңкестікті қолдау саласындағы негіздерін, анықтамаларын, стратегиясын, АҚШ-тың адам құқықтарын бұзуын, оларға қатысты жазалар мен әрекеттерді, АҚШ-тың экономикалық санкцияларына қарсы тұру мен ирандық азаматтарды қолдауды қарастырады.