Мұсылмандар Ауғанстандағы ДАИШ пен Талибан топтарының қылмыстарына ұстаным танытсын
(last modified Tue, 15 Aug 2017 11:33:31 GMT )
Там 15, 2017 17:33 Asia/Almaty
  • Мұсылмандар Ауғанстандағы ДАИШ пен Талибан топтарының қылмыстарына ұстаным танытсын

Иранның Жоғары сотының төрағасы аятолла Амоли Лариджани ДАИШ пен Талибан топтарының Ауғанстандағы қылмыстарына тоқталып: «Барлық мұсылмандар сол қылмыстарға реакция көрсетуі қажет, өйткені жазықсыз адамдарды, әсіресе балалар мен әйелдерді қырып-жою ешбір заң мен адамгершілік негіздеріне сай келмейді»,- деді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Жоғары сотының төрағасы аятола Садық Амоли Лариджани дүйсенбі күні сот басшыларының отырысында ДАИШ пен Талибан топтарының шабуылдарымен кезіккен Ауғанстан халқы мен үкіметіне көңіл айтып: «Тәкфиршіл лаңкестер Ирак пен Сириядағы сәтсіздіктерінің орнын толтырғысы келеді»,- деді. Аятолла Амоли Лариджани сонымен бірге қарсыласу күнін еске алып, Ливан Хизболласының сионистік режимге қарсы 33 күндік соғыстағы жеңісін мұғжизаға ұқсас деп атап: «Сырт көзге кішкентай болып көрінетін бір топ Аллаға деген иманға сүйеніп қарсыласып,  аймақтағы араб елдері жылдар бойы іске асыра алмаған істі орындады»,- деп баса айтты.