ИИР президенті Индонезияның ұлттық мерекесімен құттықтады
(last modified Fri, 18 Aug 2017 01:16:47 GMT )
Там 18, 2017 07:16 Asia/Almaty
  • ИИР президенті Индонезияның ұлттық мерекесімен құттықтады

Иран Ислам Республикасының президенті Индонезия үкіметі мен халқын елдің ұлттық мейрамымен құттықтады.

Иран президенті Хасан Рухани Индонезия президенті Джоко Видодоға жолдаған хатта екі ел арасындағы тарихи және достық қарым-қатынасқа сілтеме жасап, жарқын әрі келешегі зор көзқарастар және Иран мен Индонезия жетекшілерінің саяси еріктерінің арқасында екіжақты қатынастардың дамуы жолында жаңа қадамдардың жасалатындығына сенім білдірді. Рухани бұл жолдауында Индонезия үкіметі мен халқына саулық, табыс, ілгерілеу мен абыройларының артуын тіледі. Тамыздың он жетісі Индонезияның тәуелсіздігін жариялаған ұлттық мейрамы саналады.