Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының имамы АҚШ-тағы нәсілшілдердің қылмыстарына сілтеме жасап: "АҚШ адам құқықтарын бұзудан көш бастап келеді. Бұл елдің лауазымды тұлғалары өзге мемлекеттердегі адам құқықтары жөнінде пікір айтудан ұялуы керек",- деді.
Аятолла Сейіт Ахмад Хатами осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында: "АҚШ президенті Дональд Трамп өз әрекеттері арқылы нәсілшілдердің қылмыстарына қолдау көрсетіп отыр",- деп мәлімдеді.
Аятолла Хатами лаңкестік топтардың Ауғанстанның Мирза Оланг аймағы мен Испанияның Барселона қаласында жасаған қылмыстарын айыптап: "Лаңкестіп топтарды, атап айтқанда ДАИШ-ты АҚШ қалыптастырған. Батыс елдерінің халықтары лаңкестердің қылмыстарынан аман қалуы үшін өз үкіметтерінен лаңкестерге қолдау көрсетпеуін сұрауы тиіс",- деді.
Сондай-ақ Теһран жұма намазының имамы шәһид Мохсен Ходжаджиді еске алып: "Аһле бейт кесенелерін қорғаушы күштердің құрамында болған бұл шәһид Ислам революциясы рухымен тәрбиеленген жастардың бірі еді. Шәһид Ходжаджидің қазасы Иран жастарының Ислам революциясы армандарын қорғауға ынталы екенін және 1979 жылғы Ислам революциясының бас кезіндегі жастардың рухынан айнымағанын білдіреді",- деп баса айтты.