Лаңкестік ешқандай дін мен нәсілдің символы емес
(last modified Sat, 19 Aug 2017 11:47:32 GMT )
Там 19, 2017 17:47 Asia/Almaty
  •  Лаңкестік ешқандай дін мен нәсілдің символы емес

Иран Сыртқы істер министрі Зариф Твиттердегі жеке парақшасында лаңкестікке қатысты екітүрлі тәсілді сынға алды.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні АҚШ-тың Виргиния штатындағы Шарлотсвилл қаласы мен Испанияның Барселона қаласында орын алған екі нәсілшілдік әрекет пен лаңкестік шабуылдан соң Батыс елдерінің сол аймақтарда орын алған әрбір лаңкестік шабуылдарға қатысты Исламды қорлау әрекетін сынға алып: "Дін немесе нәсілдің атынан жасалған лаңкестік лаңкестік саналады, бірақ ол белгілі бір нәсілдің де,  діннің де өкілі емес",- деді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Американың Виргиния штатындағы Шарлотсвилл қаласындағы әрекетті құлықсыз айыптады. Бірақ, Испанияның Барселона қаласындағы шабуыл жайлы бірден Твиттер әлеуметтік желісінде осы шабуылдың факторы деп исламдық лаңкестікті атады.

Америкалық ақпарат құралдарының пікірінше, Трамп нәсілшіл топтар мен радикал республикашылардың қолдауынан айрылудан қорқып, нәсілшіл әрекеттерді айыптаудан бас тартып отыр.