Иран – аймақтағы тұрақтылықтың ошағы
(last modified Sun, 20 Aug 2017 15:59:32 GMT )
Там 20, 2017 21:59 Asia/Almaty
  • Иран – аймақтағы тұрақтылықтың ошағы

Иран Ислам революциясы Сақшылар Корпусының Құдс күштерінің қолбасшысы Солеймани: «Иран еш уақытта дағдарыс тудырушы, тәкфиршілерді тәрбиелеуші болған жоқ. Иран – аймақтағы тұрақтылықтың ошағы»,- деді.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сақшылар Корпусының Құдс күштерінің қолбасшысы Ғасем Солеймани жексенбі күні Теһранда әлемдік мешіт күнінің 15-ші отырысында сөйлеген сөзінде: «Сауд Арабиясы Джейш ул-Ислам, Джейш ул-Хор және тағы да басқа лаңкестік топтарды Иранға қарсы қойып жатқанымен, Иран қазіргі таңда Сириядағы тұрақтылықтың ошағы болып отыр. Иран әскери құдыретімен емес, дінімен саудиялықтардың аймақтағы діни соғысын тоқтатты. ИИР аймақта теріске шығаруға болмайтын шынайы күш-қуатқа ие»,- деп қуаттады. Ол сонымен бірге Мохсен Ходжаджидің Сириядағы ДАИШ лаңкестерінің қолынан шәһид болғанын тоқталып: «Бұл шәһидтік – мешітте көрген тәрбиенің нәтижесі. Иранның Батыс әлемі арасындағы дағдарысы әл-Ақса мен әл-Харам мешіттеріне қатысты. Мешіт – ислам әлемінің діни, саяси, әлеуметтік өмірі. Бүгінде діни бүлік пен шетелдік шабуыл Иран мен ислам әлеміне қарсы шынайы екі қауіп-қатер»,- деп ескертті.