"Ортақ қадамды" сақтап, АҚШ-тың өз міндеттемелерін бұзуға тосқауыл қою – Иранның басты бағдары
https://itolqyn.com/news/iran-i30082
Иран Сыртқы істер министрі Зариф "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап, АҚШ-тың өз міндеттемелерін бұзудың алдын алуды Иран Ислам Республикасының басты бағдары деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 21, 2017 15:32 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі Зариф "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап, АҚШ-тың өз міндеттемелерін бұзудың алдын алуды Иран Ислам Республикасының басты бағдары деп атады.

Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні кешке  Иранның Екінші арнасына берген сұхбатында: "АҚШ-қа Иранның есебінен "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзуға рұқсат бермеу керек",- деді.

Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ Иранның көршілес елдермен жақсы қарым-қатынасын және қарсыласу экономикасының дипломатиясын Иранның келесі басымдылықтары деп атады.

Зариф аймақтағы қауіптілік жағдайларға сілтеме жасап: "АҚШ пен оның одақтастары, соның ішінде сионистік режим лаңкестік топтарды құрып, оларға қолдау көрсету арқылы аймаққа қауіп пен әсірешілдікті әкелді",- деді.

Иран Сыртқы істер министрі аймақта тыныштық орнату қажеттігін қуаттап: "Аймақ елдері қауіпсіздікті аймақтан тыс жерлер мен басқа мемлекеттерден сатып ала алатын тауар емес екендігін түсінгені жөн",- деп баса айтты.