Иран өз әскери орталықтарының Агенттік тарапынан тексерілуіне қарсы
Там 23, 2017 23:05 Asia/Almaty
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитетінің Басқарма кеңесінің мүшесі: "Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіне Иранның әскери орталықтарын тексеруге рұқсат берілмеген",- деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитетінің басқарма кеңесінің мүшесі Мұхаммед Джавад Джамали сәрсенбі күні Иранның ядролық бағдарламасының әскери сипатта болу ықтималдығы (PMD) жайлы істің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына кірмегенін айтып: "Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Иран әскери орталықтарын тексеруі заңды емес. Ядролық келісім құжаты бойынша бұл халықаралық ұйымның тек ядролық нысандарды тексеруге рұқсаты бар",-деді.
Джамали АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейлидің «АҚХА Ирандағы әскери орталықтарды немесе Иранның күдікті деп тапқан кез келген жерін тексере алады» деген уәжіне тоқталып: "Мұндай уәж дұрыс емес Иран ешқашан әскери орталықтарын тексеруді қабылдамайды. Бұл Иранның ұлттық егемендігін бұзу болып табылады",-деді.
АҚШ-тың «The Washington Post» газеті: "ИИР-ның Сыртқы Істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф АҚХА-нің Бас директоры Юкио Аманоға жазған хатында АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейлидің Венаға сапарының теріс салдары және ядролық келісімге күмән тудыруға бағытталған талпыныстары жайлы ескертті",-деп жазды.
Тегтер