Теһранда Катар елшісі жұмысын бастады
https://itolqyn.com/news/iran-i30242-Теһранда_Катар_елшісі_жұмысын_бастады
Катардың ИИР-дағы елшісі осы елдің Теһран қаласындағы елшілігінде қызметін бастады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 26, 2017 20:02 Asia/Almaty
  • Теһранда Катар елшісі жұмысын бастады

Катардың ИИР-дағы елшісі осы елдің Теһран қаласындағы елшілігінде қызметін бастады.

Жұма күні Иранға қайта оралған Катардың ИИР-дағы елшісі Әли ибн Ахмад Әли әл-Салити сенбі күннен бастап Теһрандағы Катар елшілігінде қызметіне кірісті.  

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми бейсенбі күні Катар елшісінің  Теһранға қайта оралуын қолдап: "ИИР көршілес елдердің өзара қарым-қатынасты жақсартуға және жоғарылатуға бағытталған сындарлы әрі оң қадамдарын әрдайым қолдайды",-деді.