Зарифтың Нью-Йоркке сапары жоспарланып отыр
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтың БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысына қатысу үшін Нью-Йоркке сапармен баратыны туралы хабарлады.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми жексенбі күні Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Иран Сыртқы істер министрінің Нью-Йоркке сапарының жоспарланып жатқаны туралы айтып: "Зариф осы отырыс аясында басқа елдердің басшыларымен кездесулер мен келіссөздер өткізеді",- деп хабарлады.
Ғасеми сондай-ақ Иран президентінің де БҰҰ Бас Ассамблеясының жыл сайынғы отырысына қатысу үшін Нью-Йоркке сапар жасау ықтималдығы туралы айтып: "Бұл мәселе әлі қарастырылып жатыр. Нақты шешім қабылданған жағдайда хабарланады",- деді.
Ол Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Джабери Ансаридің жуырдағы Ливанға сапары туралы: "Аймақтағы жылдамдықпен орын алып жатқан өзгерістерге байланысты Иран аймақ елдерімен кеңесулер мен телефон арқылы сұхбаттар өткізді",- деді.