Бүгін имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы
ИИР шиіттердің бесінші имамы хазірет Мұхаммад Бақер (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығын аза тұтуда.
Бүгін, сейсенбі, хиджри қамари жыл санағы бойынша 1438 жылдың зилхадже айының 7-ші жұлдызы, сәйкесінше 2017 жылдың тамыз айының 29 имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы.
Шиіттердің бесінші имамының лақап аты – Бақер немесе Бақер әл-Улюм.
Хазірет Мұхаммад Бақер (ғ.с.) әкесі имам Зейн әл-Абидин (ғ.с.) шәһид болған соң 19 жыл 10 ай өмір сүріп, имамат міндетін атқарды.
Әлем шиіттерінің бесінші имамы хазірет Мұхаммад Бақер (ғ.с.) хиджри қамари жыл санағы бойынша 114 жылдың зилхадже айының 7 жұлдызында 57 жасында Мединеде шәһид болды. Хазіретті сол кездегі Амави билігінің халифасы Хишам бен Абдолмүлк уландырды.
Иранның Телерадио бірлестігі имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығына орай әлем мұсылмандары мен азаттық талап етуші басқа да адамдарға көңіл айтады.