Иранға қарсы адам құқығына қатысты мәлімдеме – мұнафықтардың уәждерінің түйіндемесі
(last modified Tue, 29 Aug 2017 11:26:31 GMT )
Там 29, 2017 17:26 Asia/Almaty
  • Иранға қарсы адам құқығына қатысты мәлімдеме – мұнафықтардың  уәждерінің түйіндемесі

ИИР-ның Жоғары соты Амоли Лариджани Иран істері жөніндегі адам құқығы арнайы инспекторының мәлімдемесін Ислам республикасына, әсіресе бұл елдің сот жүйесіне қарсы лаңкестік топтар мен олардың демеушілерінің уәждеріне сай есеп деп атады.

«Әл-Әлам» арнасының мәліметі бойынша, Иранның Жоғары соты аятолла Садық Амоли Лариджани дүйсенбі күні сот басшыларының отырысында: «ИИР мен Ислам революциясына қарсылар мен лаңкестік топтардың өткен жылдары айтқан уәждерін Иран істері жөніндегі адам құқығы арнайы инспекторының БҰҰ Бас ассамблеясына тапсырған мәлімдемесінен көруге болады»,- деді.

Иранның Жоғары соты Иран істері жөніндегі адам құқығы арнайы инспекторының уәждерге сүйенген құжат жинау тәсілін қате деп  атап: «Ислам республикасы өзінің алдыңғы қаратлы заңдары бойынша іс-әрекеттерін қорғайды»,- деп ескертті.

Иран істері жөніндегі адам құқығының арнайы инспекторы Асаме Джаһангир Ирандағы сот істеріне араласып, есірткімен күресу заңын өзгертіп, өлім жазасын басқа жазалау түріне айырбастауды сұрап, Иранды сөз бостандығы мен жеке адамның азаттығын бұзушы ел деп айыптады.