Діни жетекші: Палестинаны құтқару – ислам үмбетінің міндеті
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи әл-Харам мешітінің қажыларына жолдаған маңызды үндеуінде Палестинаны қорғап, құтқаруды ислам үмбетінің кесімді міндеті деп атады.
Аятолла Хаменеи бейсенбі күнгі жолдауында ислам елдерінің басшылары мен ислам әлемінің барлық көрнекті тұлғаларының міндетін бірлікті сақтап, халықтарды хабардар етіп, ислам елдеріндегі қатігез оқиғаларды тоқтату деп атап: «Палестинаны және шамамен 70 жыл бойы басып алынған жерлері үшін күрестерін жалғастырып отырған бұл елдің халқын қорғау – ислам әлемінің ең маңызды міндеті. Сионистік режим ислам әлемінің ортасында бүлік жасап, ислам әлемі Палестинаны құтқару міндетіне немқұрайдылық танытып, Сирия мен Иракта, Йемен мен Бахрейнде азамат соғысы жүріп жатыр. Ауғанстан мен Пәкістан және тағы да басқа елдер лаңкестікпен бетпе-бет келуде.
Бірнеше жылдан бері ислам елдері мақсатты әрі алдын ала жобаланған бағдарлама бойынша саяси және қауіпсіздік салаларында дағдарысқа тіреліп отыр. Ислам дінін қате талдап, ислам үмбетінің арасына іріткі салу – ислам әлемі географиясындағы дұшпанның құралы. Ислам дініне жасаған әртүрлі тәпсірлерге сүйеніп, әртүрлі экстремистік лаңкестік топтар құру Сириядан бастап, Йемен мен Ливия және Ауғанстанға дейін ислам елдерін лаңкестік пен тынышсыздықтарға тіреді. Сол лаңкестер АҚШ пен сионистік режимнің қауіпсіздік және барлау органдарының жаттығуларынан өткен.
Батыс Азия аймағындағы Сирия мен Ирак сынды елдердегі тәкфиршіл-сионистік ДАИШ тобының ықпалы мен бұл топтың Ауғанстанға әсер етуі аталмыш елдердің барлау органдарының басқаруымен орындалды. Олардың мақсаты – ислам үкіметтері мен халықтарые сергелдең етіп, ислам әлемінің назарын маңызды мәселелерден бұру. Шамамен 70 жылға созылған Палестинаның мәселесіне азырақ көңіл аударған сайын ислам әлемінің географиясындағы заңсыз құрылған режимнің қауіпсіздігі артып келеді.
Палестиналық қарсыласу, атап айтқанда интефаза басында құрал ретінде тасты пайдаланғанымен, Израиль режимі үшін шынайы дағдарыс тудырды. Сионистік басшылар мен олардың қолдаушылары, әсіресе АҚШ әртүрлі жолды пайдаланып, Палестина мәселесін ұмыттыруды көздеуде. Мұндай жағдайда аймақтағы кейбір араб мемлекеттерінің Израиль режимімен қарым-қатынас орнату талпыныстары бұл режимнің тыңшылық органдарының Палестина мәселесін маңыздылығынан айырғысы келетін мақсатына сәйкес келеді.
Ислам елдерінің қазіргі жағдайы мен сионистердің Палестина мәселесін ұмыттыру әрекеттері исламдық келісім мен бірлікті нығайтудың дұшпанның сұм қастықтарына әсер ететін жалғыз күш екендігін көрсетеді. Сондықтан Үлкен қажылық Конгресі исламдық үмбет үшін ішкі қайшылықтарын қойып, халықтарды хабардар етіп, бір-біріне қол ұшын созып, біртұтас күш болып, Палестинадан Сирия, Йемен, Бахрейн және Ауғанстанға дейінгі қазіргі ащы оқиғаларды тоқтату үшін жақсы мұрсат.
Осыған орай Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани бейсенбі күні Құрбан айт күніне орай ислам елдерінің Мәжілістерінің төрағаларына жіберген жолдауында хазірет Ибрахимнің қажылығын мұсылмандардың бірлігі мен біртұтастығының белгісі деп атап: «Мұсылмандардың арасында түсіністік орнатып, бауырластық сезімін нығайту –қажылықтың негізгі мақсаты мен философиясы. Қажылық кезіндегі қайшылықтан алыстап, бауырластық сезімінің күшеюі мен бірлік – ислам үмбетінің бүгінгі қажеттілігі» деді.